Жарнама
Жаңалықтар

«АтырауЭнергоСату» ЖШС таратылады

Жаңа жылға дейін «АтырауЭнергоСату» ЖШС таратылады. Яғни, жылдың соңында серіктестік өзінің қызметін тоқтатады. Сол себепті, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап барлық санаттағы тұтынушылар пайдаланған электр энергиясының ақысын тікелей «Атырау-Жарық» АҚ-ына төлейтін болады. Мұның өзі еліміздің «Табиғи монополиялар туралы» заңнамасына енгізілген өзгерістермен байланысты болып отыр. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Өтегенов хабарлады.


–2024 жылы 18 шілдеде осы саладағы қызметтерді реттейтін «Табиғи монополиялар туралы» республика заңына, соның ішінде электр энергиясын таратушы кәсіпорындардың (біздің жағдайымызда бұл «АтырауЭнергоСату» ЖШС болып табылады) жұмысына өзгерістер енгізілетіні атап көрсетілген. Заң талабына сәйкес, бұдан былай бұл қызметті «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы атқарады. Алыс-беріс процедуралары 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 2025 жылдың 1 қаңтары аралығында жүргізіледі, — деп түсіндірді департамент басшысы.

Сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» заңның 7-бабы 1-тармағы талаптарына сай келмейтін энергиямен жабдықтау берілген лицензиялары жарамсыз деп танылған табиғи монополия субъектілерінің рұқсат қағаздары қайтарылып алынады немесе қызметін тоқтатады.
Осы жайдан хабардар еткен ведомоство басшысының сөзінше, жоғарыда аталған өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында департамент тарапынан осыған дейін бұл қызметті атқарып келген лицензиаттардың барлығына жұмысын (негізінен электр энергиясын сатып алу) тоқтату жөнінде қызметтік хат жолданды.
Соның негізінде кезінде табиғи монополияларды реттеу департаменті берген лицензиаттардың қолындағы рұқсат қағаздары ендігі жерде олардың заңмен реттелмейтін электрмен жабдықтаушы субъектілері саналатындықтан, лицензиялар күшін жояды, яғни әрекетін үзілді- кесілді тоқтатуға мәжбүр болады.
Сонымен қатар, Заңда әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі тікелей анықталған кезде ТМС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау бөлігінде ҚР ӘҚБтК-не түзетулер көзделген, бұл өз кезегінде ТМС бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауға ықпал етеді. Бұған дейін ТМД-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін тексеру нәтижесі қажет болатын.
Сондай-ақ, Заңмен топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша барлық субъектілерді мемлекеттік реттеу енгізілді. Бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабының 2-тармағында қарастырылғанындай, биылғы қыркүйек айының 9-ынан бастап қолданысқа, яғни заңдық күшіне енеді. Бұрын мұндай мәселені департамент нарық субъектісінің үстемдігі немесе монополиялық мәртебеге ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде болған кезде ғана реттеуге құқылы болатын.

–Барлық жаңашылдықтар тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін, осы саладағы мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыруға және оларға сұранысты қанағаттандыруға бағытталғанын атап өткен жөн, — деп түйіндеді ойын Арман Тұрсынұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет Zakon.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button