20180320224114

«АтырауЭнергосату» серіктестігі тариф бағасына байланысты онлайн-тыңдау өткізеді

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Атырау облысының департаменті «АтырауЭнергосату» ЖШС-ның хабарламасын қарау кезінде жария тыңдауға шақырады.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Энергетика министрлігі стансаларға шекті бағаларды өсіруіне байланысты «Атырау Энергосату» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдау өткізеді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес, ашықтықты, хабардарлықты, тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында – Субъектінің хабарламасы қаралған кезде жария тыңдаулар бағаларды келісу туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі делінген.

Тыңдауларға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілер шақырылады.

Алайда, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №52 қаулысының 7 тармағына және Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 13 шілдедегі №21-29-8-10-2715 хатына сәйкес, адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген хатқа сәйкес, жария тыңдауларды онлайн режимінде өткізуге жол беріледі.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Жария тыңдаулар 2020 жылдың 17 шілдесінде сағат 11.00-де онлайн режимінде, Facebook әлеуметтік желісі арқылы Департаменттің ресми парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100049879130065&ref=bookmarks өтеді.

Әрбір қатысушы электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламаға қатысты онлайн режимінде сұрақ қоя алады.

Департаменттің байланыс телефондары: 8(7122) 30-60-48, 30-81-44.

«АтырауЭнергосату» ЖШС-гі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің байланыс телефоны: 8 (7122) 99-42-44.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған