Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атыраулықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін атыраулықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-31 at 13.06.17

Жеңіс саябағындағы мемориалға гүл қою рәсіміне қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, соғыс ардагерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, репрессия құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, елдің жарқын болашағы үшін бастарын қатерге тіккен құрбандарды өскелең ұрпақ әркез есте сақтауы керек екенін атап өтті.

Жиырмасыншы ғасырда отандастарымыз қуғын-сүргінге ұшырады, көп қиындық көрді. Қазақстанда 103 000 адам тергеуден өтті, 25000 адам қатаң жазаланды. Біздің бейбіт өміріміз үшін бабаларымыз төккен қан мен терді жадымыздан шығармауымыз керек. Мемлекет басшысы жалпыхалықтық келісімнің негізі бейбітшілік, мейірім мен әділет секілді құндылықтарды қазақстандықтардың жете сезінулерінде екенін әркез айтып келеді. Тариымыздың бұл парағы да есімізде болуы тиіс. Аға буынның міндеті жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу. Тәуелсіздік үшін күрескендерді айтып отыруымыз керек.Бүгінде мемлекет басшысының дана саясаты арқасында Қазақстан тәуелсіз, құқықтық мемлекет болды. Әр адам өркендеген, тұрақты елде тұруға лайық. Бірлігімізді сақтаудың маңызы зор. Өкінішті өткенімізді еске ала отырып, енді қайталанбауын тілейік. Болашағымыз жарқын, сәулелі болсын, -деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-31 at 13.06.16 (2)

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 мамыр 1997 жылғы Жарлығы бойынша Қазақстанда саяси репрессия құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Ал деректерге сүйенсек, Атырау облысында екі мыңнан астам адам репрессияға ұшыраған.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button