
Жаңалықтар
Атыраулықтар балықшылар күнін атап өтеді
7 шілде — балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, өңірде бірнеше мерекелік шаралар өтеді.
Атап айтсақ, сағат 06.30 — 09.00 аралығында Атырау қалалық әкімдігі алаңындағы жағалауда әуесқой балық аулаудан жарыс өтеді. Ал Қ.Смағұлов көшесі жағалауындағы аймақта 20 мың бекіре балық шабақтарын Жайық өзеніне жіберу салтанаты сағат 09.30-10.00 болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, сағат 09.30-12.30 уақытында Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт өтпекші. Онда балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық тазалаудан байқау, балық аулау бұйымдарын жасау, спорттық ойындар, кемелер шеруі сияқты іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Шара соңы мерекелік отшашумен аяқталады.