Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық паражүзу шеберлері Германиядан алты медальмен оралды

8-11 маусым аралығында Германияның Берлин қаласында паражүзуден Әлем кубогы өтті. Сайысқа 55 елден 700-ден астам спортшы қатысты. 

ehv-9wbxmqe

Бұған дейін жарыстың алғашқы күні Ержан Сәлімгереевтің 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанған болатын. Бүгін Ержан 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде күміс және 50 метрде еркін әдіспен жүзуде қола медальға ие болды. Осылайша, атыраулық «Мотиватор» әлем кубогында медальдар комплектін жинап отыр.

Ал Дмитрий Ли Қазақстан ұлттық құрамасы сапында эстафеталық сайыста чемпион атанды. Ол 200 метрде кешенді жүзуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күні 200 метрде еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдеге ие болған.

Ендігі спортшыларымыздың межесі қыркүйек айында Индонезия елінде өтетін жазғы Азия ойындары болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button