Атыраудың теңіз вахтасында жатақхана өртеніп жатыр

photo 34392 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысының Теңіз ауылында №6-12 жатақханасы өртеніп жатыр.

photo_34392

Ауданы 700 шаршы метр болатын екі қабатты ғимараттың жалынға орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметінің мамандары оқиға орнына үш арнайы техниканың жіберілгенін және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылғанын айтты.

Өрт туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 11.47-де түскен. Әзірге, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қолда бар деректерде жұмысшылардың ғимараттан дер кезінде эвакуацияланғаны айтылады.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды, онда куәгерлер өрттің келесі жатақханаларға көшу қаупі барын айтып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз