Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраудың ең үздік жас келіні анықталды

Атырауда жас келіндер арасында байқау өтті. «Тәрбие бастауы анадан» атты облыстық сайысқа 14 жас келін қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті.

DSC00515-e1532775419855

Аталмыш байқау Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Шараның басты мақсаты — ұлттық әдет ғұрыптар мен құндылықтарды дәріптеу, адамгершілік пен имандылықты, инабаттылықты, қазақы болмысты бойына сіңірген келіндердің бейнесін қалыптастыру, ата-бабамыздан ұмыт қалған отбасы тұрғысындағы салт-дәстүрлерді жаңғырту.

Жас келіндер байқауына этно педагогикалық ғылымдарының кандидаты, зейнеткер ұстаз Өтешова Баян Қапсалыққызы, Махамбет атындағы облыстық қазақ академиялық драма театрының академигі, ҚР мәдениет қайраткері Гүлмаржан Сәлімгерейқызы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Қыстаубаева Әсия Баянқызы, әлеуметтік қызметкер Гүлбағда Ғинаятқызы және Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Сабырғалиева Жаннат Сәлімқызы әділ қазылық етті.

Жас келіндер байқауының нәтижесі бойынша 3 орынды Құрманғазы ауданының келген Ахмедчеева Майра және Атырау қаласының тұрғыны Манарбекова Гүлфарида иеленсе, 2 орын иегері атыраулық жас келіндер Нұржан Айнагүл мен Кеңпейілова Оразгүл болды. Ал Қарабалина Жанар 1 орын алса, бас жүлде Жылыой ауданының келіні Батыр Нұрайымға бұйырды.

Барлық қатысушылар арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Хорлан Смадияр

Сурет: zhasatyrau.kz сайтынан алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button