ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда жыл соңына дейін 2007 пәтер пайдалануға беріледі
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, Атырау облысында көпқатарлы 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантуреевтің хабарлауынша, жыл соңына дейін 2007 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Ағымдағы жылдың 3 айында жалпы көлемі 119,2 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдануға берілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп» деп атап өтті спикер.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.