Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда жоғалған әйел әлі табылмай отыр

Атырауда із-түзсіз жоғалған 39 жастағы әйелді іздеу шаралары алтыншы күнге ұласуда.

1

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 қазан күні түнгі уақытта үйінен шығып кеткен 39 жастағы Людмила Чернышева қайтып оралмаған. Содан бері оның қайда жүргенін, жағдайы қалай екенін ешкім білмейді. «Стройконтора» маңындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Людмиланың жұмысына шықпағандығын естіген туыстары полицияға хабар берген екен.

— Ол жоғалатын түні бәріміз телефдидар қарап жатқан едік. Людмила үйдегі адамдардың бәрі ұйықтап қалғанын күтіп, сағат түнгі екі мен таңғы бестің арасында шығып кетті. Әдетте қараңғылықтан қорқатын оны мұндай әрекетке не итермелегені әзірге жұмбақ болып отыр, — дейді оның бауыры Наталья.

Айта кетейік, жоғалған әйелдің сөмкесі «Авангард» мөлтекауданындағы Жайық өзенінің үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінен табылған. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button