Атырауда жекпе-жек сайысынан еліміздің Кубогі сарапқа салынып жатыр
Бүгін «Атырау спорт кешенінде облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Кубогінің ашылу салтанаты болып өтті.
Бұл дүбірлі додаға Астана және Алматы қаласы мен еліміздің барлық облысынан 70-ке жуық жекпе-жек шеберлері қатысып, бақтарын сынауда.
Доданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова, жекпе-жек сайысынан облыстық команда капитаны Серік Қалиевтер елімізде аталмыш спорттың дамуы туралы айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Екі күнге созылатын дода ертең түс ауа өз мәресіне жетіп, спортшылар сынға түсіп жатқан барлық салмақ дәрежелері бойынша дара шыққан спортшылар мен жеңімпаз атанған командаларды марапаттау рәсімі өтеді.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.
Суреттерді түсірген автор.