
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғамҚұқық
Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 26 азаматы ұсталды
Атырауда құбыр тазалап, заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулыққа зиян келтіретін аймақта еңбек етіп жүрген жұмысшылардың арнайы рұқсат қағазы болмаған. Сонымен қатар, құбыр тазалау жұмысына тартылған көршілес елдің азаматтарының облыс аумағында жүріп-тұру заңнамасын бұзғаны да анықталды», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Өзбекстанның 26 азаматына қатысты 38 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, жұмысшыларды заңсыз жұмысқа тартқан Атырау қаласының тұрғыны 140 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.
