Атырауда Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабағы өтуде
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабағы өтті.
Анасы Тұрсынзада Жұмағұлқызы да — кимешегіне зермен кесте тігетін, бармағынан бал тамған шебер еді.
Кейіпкеріміз қызмет бабымен Мәскеуде, Еуропа елдерінде болған кездерінде көптеген көрмелерге қатысты. Ол қазақтың қолөнерінің ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан киелі өнер екеніне әлем жұртшылығының көзін жеткізгісі келді. Әлбетте, барлық биікке тек еңбек қана жеткізері хақ. Ырза Тұрсынзада «Құрмет белгісі»орденінің, «Алтын сапа» белгісінің иегері, «Ең үздік өнім» конкурсының бес дүркін иегері.
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арнап жасаған киіз үй шаңырағы этноауылдағы ең үздік қолөнер бұйымы ретінде бағаланған. Ырза Тұрсынбайқызы екі күн бойы шеберлік сыныбын өткізбек. Ал, 13 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында көрмесі ашылмақ.
Гүлзада Ниетқалиева