ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атыраудағы Перинаталдық орталықта еңбек күні аталып өтілді (ФОТО)
Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілгені белгілі. Осыған орай, Атырау облыстық Перинаталдық орталығында Еңбек күні аталып өтілді.
Адам еңбегінің қоғамдағы рөлін айшықтап, беделін өсіру мақсатында ұйымдастырылған мерекені облыстық Перинаталдық Орталықтың қызметкерлері ұйымшылдықпен атап өтті. Орталық директоры Қуаныш Нысанбаев отызға жуық қызметкерді арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, табысты еңбек тіледі.
Сондай-ақ, бұл күні орталықтың аз қамтылған үш қызметкеріне кәсіподақ ұйымы қаржылай көмек көрсетті.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ