Атыраудағы перинаталдық орталыққа директор тағайындалды

IkE5n0wfyLM Жаңалықтар

Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры қызметіне Қуаныш Жолымбекұлы Нысанбаев тағайындалды.

IkE5n0wfyLM

Білімі – жоғары. 2002-2008 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі бойынша бітірген. 2008-2009 жылдары АҚ «Медициналық университетін» акушер-гинеколог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2012 жылдары АҚ «Ұлттық Ана мен Бала» ғылыми орталығында резидентура мамандығы бойынша акушер-гинеколог, 2013 жылы Оңтүстік Корея Республикасынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Гинекологиядағы эндовидеохирургия» бойынша тағылымдамадан өткен. I дәрежелі дәрігер.

Жұмыс тәжірибесін 2010-2012 жылдары АҚ «Ұлттық Ана мен Бала ғылыми орталығында» дәрігер акушер-гинеколог болып бастаған. 2011-2012 жылдары Астана қалалық емхананың жедел көмек көрсету бойынша акушер-гинекологы, 2014-2015 жылдары №1 орталық перинаталдық орталықтың гинекология бөлімшесінің басшысы, 2015 жылдан бастап АҚ «Астана медициналық университетінің» акушерлік-гинекология және интернатура, резидентура кафедрасының ассистенті.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз