Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады

Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Уличные_фонари

«Қаланың көптеген мектептерінде көше жарықтары жарамсыз болып қалған. Олар орнатылғалы бері ондаған жылдар өтті. Салдарынан балалар да, ата-аналар да мектеп аумағында көше шамдарының болмағанына шағымданды. Ал жарық болмаған жағдайда мектептен кешкі уақытта қайтатын балалардың қауіпсіздігіне қатер төнетіні белгілі. Сондықтан биыл 41 мектептің жарығын ауыстыру туралы шешім қабылданды», — деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов.

Оның айтуынша, көше жарықтарын ауыстыруға арнайы тендер өткізіліп, жұмыстар басталып кеткен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button