Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады

Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады. Жарықтандыру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асуда,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_6821Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Батыс транзит» акционерлік қоғамы арасында «Атырау қаласының көшелерін жарықтандыру желісін салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарты жасалған болатын.

Жоба шеңберінде 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін және 2018 жылы Атырау қаласының 39 көшесіне 2816 жарық шамдарын орнату жоспарланған. Жарықтандыру барысында жаңа технологиялар мен заманауи LED- жарық шамдарын орнату ескерілген.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында қала және қала маңындағы 5 көшеге: облыс орталығындағы Берғалиев көшесінен Баймұханова көшесіне дейін, Водников ауылындағы Первомайская көшесіне, Проезд-1, Қарабау көшелеріне, Көкарна ауылындағы 13-інші көшеден 7-інші көшеге дейін, 7-інші көшеден 12-інші көшеге дейін жарық шамдары орнатылады.

Аталған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы Атырау қаласында жаңа технологияларды енгізу, пайдалану шығыстарын қысқарту, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жоғарылату мен жайлылық жасау, қылмыс санын азайту мен жол қауіпсіздігін жоғарылатуға бағытталған.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button