
Жаңалықтар
Атырауда үй өртеніп, 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді
Атырауда бүгін жер үй өртеніп, 3 жасар сәби ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Atr.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Өрт сағат 10-00-де өшірілді. Салдарынан 3 жасар сәби уланып, балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды, — делінген хабарламада.
Алдын-ала мәлімет бойынша, өрттің шығу себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті ауыздықтауға 12 қызметкер мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.
Хорлан СМАДИЯР