Атырауда өткен спорттық шарада ата-аналар дес бермеді (ФОТО)
Атырауда отбасы күніне орай қала әкімдігінің қолдауымен, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» атты спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын және отбасылық құндылықтарды насихаттаған бұл жарысқа үш команда қатысты. Бектеміровтер отбасынан құралған «Тұлпар» тобы, Құламергеновтер отбасынан құралған «Сұңқар» тобы, Китановтар отбасынан құралған «Нұрсая» тобы жеңімпаз атану жолнда барын салды.
Байқау алты түрлі кезеңнен, атап айтқанда, арқан тартыс, қаппен секіру, паравоз ойыны, секірме жіппен жүгіру сындарынан тұрды.
Сайыс нәтижесінде Қитановтар отбасы құрған «Нұрсая» тобы жеңімпаз атанды. Бектеміровтер отбасының «Тұлпар» тобы ІІ, Құламергеновтердің «Сұңқар» тобы ІІІ орынды иеленді. Отбасыларға медальдар мен грамоталарды табыстаған қалалық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Мендақұлова сайыстың қызықты өткенін атап өтті.
Ал, балалар арасында отбасы мерекесіне орай асфальтке сурет салудан байқауы өтті. Балалардың барлығы өздерінің қиялындағы кейіпкерлерді түрлі-түсті бормен бейнеледі. Олардың салған суреттері алаңға жиналғандардың назарынан тыс қалмай, халықтың жүрегінен ерекше орын алды. Соңында балалардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.