Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда суға батып кеткен баланың денесі табылды

Атырауда Талғайран ауылында суға батып кеткен баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

20170825122536

-2 мамыр күні Талғайран ауылында 2002 жылы туған жасөспірім балық аулау кезінде суға батып кетті. Дереу іздестіру жұмысына кіріскен құтқарушылар 2 мамыр күні баланың өлі денесін таба алмаған. Іздестіру шаралары сағат 20.15 пен 22.00 аралығын қамтыды. Жасөспірімнің мүрдесі бүгін сағат 8.20 шамасында судан шығарылды, — делінген хабарламада.

Жасөспірімді іздеуге Батыс аймақтық жедел-құтқару қызметінің күштері, Төтенше жағдайлар департаменті, Атырау облысы ІІД және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button