Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда спорт күні атап өтілді (ФОТО)

Атырауда спорт күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шараға спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-17 at 12.53.33 (2)

WhatsApp Image 2018-08-17 at 12.53.33 (3)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің үздік спортшыларын спортты дамытудағы жетістіктері үшін төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапаттады.

«Атырау облысында спорт жүйелі дамып келеді. Біздің спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі табыстарында маңызды рөл атқарып отырған — спортты дамыту бойынша облыста сауатты саясат жүргізілуі, оған жан-жақты қолдау көрсетілуі. Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыста спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға басым көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Әлемдік деңгейде жарысқа түсіп, биік шыңдарды меңгеріп жүрген спортшылар – облысымыздың мақтанышы. Сондықтан, барлық жаттықтырушыларға ерекше алғысымды айтамын. Сіздер әрбір спортшыны дайындауға аянбай еңбек сіңіріп, жан – тәнімен қызмет етіп жүрген ұстазсыздар. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, қызметтеріңізге табыс, жаңа жеңістер, бақ-береке тілеймін», — деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-08-17 at 12.53.33

WhatsApp Image 2018-08-17 at 12.53.32

Айта кету керек, Атырау облысы мүмкіндігі шектеулі адамдар дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысатын жетекші өңірлердің бірі. 2008 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы құрылып, барлық қажетті спорт жабдықтарымен жарақталды. Бүгінде 45 мүмкіндігі шектеулі спортшы Ұлттық Параолимпиялық құрамасының мүшесі. 11 спортшы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27-і – Қазақстан Републикасының спорт шебері, 41-і спорт шеберіне кандидаттар.

WhatsApp Image 2018-08-17 at 12.53.33 (1)

Сонымен қатар, 2017 жылы 880 спорттық шара өткізіліп, 175 мың адам қатысты. Биылғы жылдың басынан бері 572 спорттық шаралар өткізіліп, оларға 80 мыңға жуық адам белсенді түрде ат салысты. Бүгінгі күнге біздің спортшылар түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда 494 медаль иеленді.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button