Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда шетелдіктер 56 миллионнан астам тұратын мыс сымдарын ұрлаған

Атырау қаласының №2 сотында «Синапек Инжиниринг Групп» Қазақстан филиалының жүк сақталатын контейнерлердің ішінен мыс сымдарды жасырын жымқырған аталмыш шетелдік компания жұмысшыларына қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы редакциямызға Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Мыс_рулондарыыыы

Сотта анықталғандай, топтың бір мүшесі қойма меңгерушісі болып жұмыс жасап, өзінің әріптестері С.Ж. және Д.О.-мен бірге Промзона-1-дегі жүк салынған контейнерде мыс сымдар барын біле тұра, бұрын күзетші болып жұмыс жасаған А.А. және жеке басы анықталмаған О.және И.-мен сөз байласып, ұрлық жасамақшы болған.

Өздерінің жоспарларын іске асыру үшін дайындық жасап, мыс сымдарды тиейтін автокөлікпен келісіп, қылмыс жасау күнін белгілеген. Белгіленген күні, яғни 2016 жылдың 27 қазанында «Синапек Инжиниринг Групп» компаниясының қызметкерлерінің түскі ас ішуге үзіліске кеткенін күтіп, бейнебақылау құрылғысын өшіріп тастап, компания аумағына жүк көлігін кіргізген.

Көлікке мыс сымдарды, қуатты мыс кабелін тиеп алып, оқиға орынан бой тасалап қашып кеткен. Қылмыстық әрекет салдарынан «Синапек Инжиниринг Групп» Қазақстан филиалына 56 704 138,2 теңге көлеміндегі материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен сотталушылар Б.А., А.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оларға ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен сотталушылар С.Ж., Д.О. ҚК-нің 188 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button