Атырауда Республикалық айтыс өтеді

331659d32bd1d4ec9 Жаңалықтар

Атырауда көрісу мерекесін ұлықтап, салт-дәстүрдің мәні мен маңызын өлең-жырмен насихаттау мақсатында республикалық аламан айтыс өтпек.

d0024c60c2a647592008bd853eb9d2c5_XL

«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып…» атты жыр додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ақындар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында бас қосады.

Оның ішінде Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Мұхтар Ниязов, Шалқарбай Ізбасаров, Жәнібек Садыров, Өнербек Дәулекенов, Саягүл Бірлесбек, Бауыржан Ширмединұлы, Ершат Қайболдин, Бибігүл Тілебалдинова, Айзада Дәулекенова, Талғат Мықи сынды барлығы 20 ақын қатысады деп күтілуде.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз