Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда Мемлекеттік хатшының қатысуымен «Asar» форумы өтеді

Атырауда 30-31 қазан аралығында І республикалық «Asar» үшжақты ынтымақтастық форумы өтеді.

форум

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен қатар, бірқатар министрліктер мен әкімдіктердің, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Басқосудың мақсаты — үшжақты әріптестікті және сондай-ақ, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес саласында  үшжақты ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу  арқылы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.

Шара барысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі, «Үкіметтік емес ұйымдар-бизнес-мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты пленарлық сессия, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген «Әлеуметтік бастамалар картасының» таныстырылымы болады. Сонымен қатар, ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттік органдар арасындағы аймақтық және ұлттық деңгейде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі жоспарланған. Одан бөлек, түрлі тақырыптарда семинарлар мен шеберлік сабақтары, интерактивті дәрістер ұйымдастырылатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button