Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Атырауда медициналық мекемелердің ортақ сайты ашылды

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы медициналық мекемелерде бәсекелестік орта қалыптастыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай сайт ашты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - МЕДИЦИНА

Мұнда барлық ауруханалар мен емханалардың жұмысы, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, дәрігерлердің қабылдау уақыты дәлме-дәл көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, тұрғындар алдын ала тіркелу арқылы өзі қалаған дәрігерге электронды жүйе арқылы қабылдауға кезекке тұрады. Ал кері байланыс жүйесі арқылы науқастардың дәрігерге немесе медициналық мекемеге деген пікірі көрсетілген қызметке көңілі толған немесе толмағандығын жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр.

«Атырау облысындағы 36 медициналық мекеме бір-біріне бәсекелестік орта қалыптастырады және де рейтинг қалыптасады. Яғни, осы 36 мекеме бір-бірімен жарысып, ашық ортаға жиналады. Қандай мекеме қанша қаржы жұмсады, қандай деңгейде жұмыс істеп жатқанын халық біліп отырады»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Нұрлыбек Темірханов.

Айқара Ғұмар

Фото medvestnik.ru сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button