Атырауда мұнайшыларды халықаралық талаптар негізінде дайындайтын болады
Атырауда халықаралық талаптар негізінде мұнайшылар дайындайтын болады.
«Атыраулық біліктілігі жоғары мамандар даярлайтын APEC PetroTechnic колледжі мальталық колледжбен мұнай-газ саласы мамандарын бірлесіп дайындау жөнінде келісім жасады. Шетелдік кәсіби мамандар алдымен электрмен қамтамасыз етуші мамандарды дайындайды. Ал, келесі оқу жылынан бастап, бақылау-есептеу құрылғылары мен автоматтандырушы мамандарды оқытпақ. Жыл соңына дейін жоғары білім беретін колледж 230 маманды дайындап шығуды жоспарлап отыр. Олардың 30 маманының қазақстандық және мальталық екі дипломы болады. Келесі жылдан бастап, екі дипломы бар түлектер саны 60-қа жеткізіледі деп жоспарлануда», — деді оқу орнының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқу орны жұмысын бастаған 5 жыл ішінде 700-ден астам маман дайындап, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, мұнай мен газ өндіру технологиясы, химиялық технология инжинирингі, мұнай кеніштерін электрмен қамтамасыз ету мен пайдалану сияқты 6 бағыт бойынша, 1000-нан астам студенттерге білім беріп жатыр. Биылғы оқу жылында студенттер 9-шы сынып базасында білім ала бастады. Бұрындары бұл жұмыстар 11 сынып базасында ғана жүзеге асырылатын.