Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Халық банкі филиалының басшысы сотталды

ҚазАқпарат — Сот «Қазақстан халық банкінің» Атырау облыстық филиалы Индер аудандық басқармасының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20170801091318

«Тергеу барысында басқарма басшысының кредит беру туралы мәселенің оң шешілуі үшін бірнеше мәрте ақшалай пара алып келгені анықталды», — делінген Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз парағында.

Индер аудандық соты банк басқармасының басшысын ҚК-нің 253-бабы 5-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button