Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайы

Атырауда «Еуразия кубогі» бірінші халықаралық сайысы басталды

Бүгін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Еуразия кубогі» баян-аккордеон аспаптарында орындаушылардың бірінші халықаралық сайысы басталды. Халықаралық байқау Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өтіп жатыр.

IMG_0289-27-03-17-02-16

Аталған сайыста  Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген 27 үміткер мен  8 ансамбль бақтарын сынауда. Байқауға қатысушылардың өнерін Ресейдің халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Воронеж өнер академиясының професоры  Александр Скляров төрағалық ететін қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамында классикалық музыка саласының білікті мамандары мен мәдениет пен өнерге еңбек сіңірген қайраткерлер бар.

IMG_0287-27-03-17-02-16

Халықаралық байқаудың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысушыларға арнаған құттықтауын Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның директоры Ғаділ Дүйсенғалиев оқып берді.

IMG_0286-27-03-17-02-16

– Шараның мақсаты – баян-аккардеон өнерін дамыту, сондай-ақ, жастар арасынан талантты өнерпаздарды табу. Бұл аспаптарда ойнауды жетік меңгерген жеке орындаушылар да бар, сонымен бірге, баян мен аккордеон әр түрлі жанрдағы ансамбльдерде пайдаланылады. Байқауға қатысушылардың деңгейлері жоғары,–дейді ол.

Төрт күнге созылатын халықаралық байқау 30 наурызда қорытындыланады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұсынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button