Атырауда Есмахан туған күнін тойлады (ФОТО)

IMG 5120 Жаңалықтар

Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округіне қарасты Есмахан ауылында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Ауылым алтын бесігім» атты «Ауыл күні» мерекесі тойланды.

IMG_5120

Туған өлкені аялап, ауыл мерейін өсіру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Бақсай ауылдық округінің әкімі Қайыржан Мәжиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Марат Мырзашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Сәменов, «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әженов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев, Бақсай ауылдық мәдениет үйінің басшысы Қадыржан Сабыров және ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

IMG_5127

Ауыл сыртына ақ шаңқан киіз үй тігіліп, мерекеге жиналған жұртшылық жергілікті өнерпаздардың өнерлерін тамашаласа, ақ дастархан басында ауыл ақсақалдарының есті әңгімелері тыңдалды.

IMG_5193

Думанды кеш барысында бесікке салу, тұсау кесу сынды халқымыздың дәстүрлі шаралары ұйымдастырылса, кейін арқан тартысу, кір тасын көтеру, білек күшін сынау секілді қазақтың ұлттық ойындарына да кезек берілді.

IMG_5268

Шара барысында Есмаханда тұрып, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан марқұмдардың есімдері аталды. Ал күні бүгін ортамызда жүрген ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға Бақсай ауылдық округінің әкімі Қайыржан Мәжиев алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

IMG_5097

Диас Наурызалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз