Атырауда енді күкірт те түйіршіктелмек
Атырауда күкірт түйіршіктеу зауыты салынбақшы. Оның құрылысы қазір аяқталуға таяп қалды. Онда Қашаған кенінің мұнайын тазартудан алынған күкірт өңделетін болады.
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн мырзаның айтуына қарағанда, жаңа нысан екі бөліктен – күкірт өндіретін зауыт пен өнімді экспортқа шығаратын теміржол кешенінен тұрады. Өндіріс ошағында күкірт алатын және қалдық газдарды тазарту қондырғылары, сұйық күкірт сақталатын қойма, күкірт блоктары сақталатын нысандар да бар.
Теміржол кешеніне келсек, мұнда түйіршіктелген күкіртті сақтау, оны теміржол көлігіне шығару мәселелері жоспарлануда. Зауыт тәулігіне 4500 тоннаға дейін күкірт өндіре алады. Теміржол кешені тәулігіне 7 мың тоннаға дейін күкіртті тасымалдау қуатына ие.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ