Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда егіс алқаптарының көлемі артты

Биыл Атыраудағы егіс алқаптарының көлемі 8237 гектарға жетіп, былтырғы көрсеткіштен 8,3 пайызға артты. Бұл бүгін Атырау облыстық әкімдігінде өткен кезекті жұмыс отырысында белгілі болды. 

i

Баяндама жасаған Атырау облыстық ауылшаруашылық және ветеренария басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев облыста егін егу жұмысының аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, көкөністер 2 538 гектар аумаққа егілген, бақша дақылдары 1 035 гектарға, картоп 2 023 гектарға, мал азықтық дақылдардары 2 808 гектарға егілген. Жоспардан тыс 175 гектар алқапқа жемдік мақсатта пайдаланылатын арпаның егілгені де белгілі болды.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев аймақ тұрғындарын арзан әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен уақтылы қамтамасыз етудің маңызын айтып, бұл бағыттағы жұмысты бәсеңсітпеуді тапсырды.

“Егістің ең бірінші өнімділігін арттыру, уақтылы жинап алып, арзан бағаман халыққа тікелей жеткізу, бағаны қымбаттатпау – басты меже”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button