Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайы

Атырауда cатирик Көпен Әмірбектің әзіл-сықақ кеші өтті (ФОТО)

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сықақшы Көпен Әмірбектің әзіл-сықақ кеші өтті.

ЕАС 463

Сахна төріне көтерілген сатирик кешті әзілмен бастады. Бала кезінде әжесі мектепке беруге ұмытып кетіп, екінші сыныптан бастап білім алғанын айтты. Арасында көрермендерге: -Бір қарасам бар, бір қарасам жоқ,-деп әзілді жұмбағын да қойды. Халық «көлеңке» деп жауап берді. Сатирик негізгі шешімі «бұлт», бірақ қазір жауабы өзгерді, ол «шенеуніктер» деп тындарманның көңілін бір серпіп алды.

ЕАС 362

«Бір самаурын, бір шәйнек, бір заварка» үшеуін қосса не болады? Қосса шәй-пәй болады» деп әзілдеген Көпен кешке арнайы келген қонақтарды ортаға шақырды. Олар — Өзбекстанның Халық әртісі Балтабай Ташматов, Қырғызстанның әртісі Жошыбай Қадырматов. Олар Көпен ағамызбен бірге жүрген кездегі қызықты сәттерін айтып, ыстық ықыластарын білдірді.

ЕАС 610

Кеште әнші-сазгер Елемес Мағазов «Әттеген-ай», «Әнім солай қыздар-ай» өлеңін домбырамен орындап берді. Аталған қонақтар «Тамашадан» үзінді көрсетсе, «Ара» театрының әртістері өнерімен халықты көңілдендірді.

ЕАС 629

Кеш соңы Қырғызстаннан келген Жошыбай Қадырматовтың әсем әнімен аяқталып, Көпен Әмірбекке облыс әкімі атынан ықылас гүлі берілді.

ЕАС 351

Гүлдана Жамбозова

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button