Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда былтыр 170 шақырым жол жөнделді

Облыс бойынша облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2 061,6 шақырымды құрайды. 2016 жылы 167,5 шақырым жол жөнделді. Облыстық маңыздағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолының Қарабау-Миялы аралығын (123 шақырым) жаңғырту жалғасуда. Махамбет ауданының Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 660 метр көпір құрылысы жалғасуда, көпірді 2017 жылы тапсыру жоспарланып отыр. Махамбет ауданының Махамбет ауылында ауылішілік жолды, Индер ауданының 4 ауылында (Индербор, Құрылыс, Жарсуат, Бөдене) кірме және ауылішілік жолдарды және Мақат ауданының Доссор кентінде кентішілік жолды, Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылында, Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында кірме жолдарды күрделі жөндеу аяқталды.

Көлік инфрақұрылымы

Жылыой ауданының Ақкиізтоғай ауылына кірме жолды, Махамбет ауданының 3 ауылында (Сарайшық, Бейбарыс, Алмалы) ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу, Құрманғазы ауданының «Кудряшов-Жаңа ауыл-Арна» автокөлік жолын орталық көшелерімен қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Құрманғазы ауданының Ягодная, Тухлое, Көнеу өзендеріне 2016 жылы бас-талған металл конструкциядан жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы биыл аяқталады. Ағымдағы жылы Мақат ауданы Доссор кентіндегі ұзындығы 5 шақырым ауылішілік және айналма жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button