ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда букмекерлік кеңсе кассасын тонаған күдікті ұсталды
Өткен сенбі күні Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне бір серіктестіктің қызметкері арызданды.
Оның шағымындағы хабарламаға қарағанда, түнгі сағат 23.10 минут шамасында белгісіз бір адам букмекерлік кеңсе кассасына түскен. Сөйтіп, ондағы 41 мың жарым теңгенің қаржысын жасырын түрде ұрлап кетіпті. Оқиғаға орай шұғыл іске кіріскен полиция қызметкерлері сұғанақ қолды ұрыны алысқа ұзатпады. Күдіктінің орда бұзар отыздан асқан қала тұрғыны екендігі анықталды.
Қазір алдын ала тексеру-тергеу амалдары жүргізілу үстінде.
Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ.