Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Атырауда білім мен медицинадағы білікті мамандардың тапшылығы шешімін таппақ

Атырау облысының әкімдігі білім беру, медицина және ветеринария саласында кадрлар тапшылығын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

_J8A0910

Х.Досмұхамедов атындағы АГУ-де өткен кеңеске 20-дан астам Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Кеңес отырысында оқу процесін оңтайландыру және кадр тапшылығын шешу мәселелері талқыланды.

_J8A0882

— Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 222 білім беру гранты бөлінді. Олардың 178-і педагогикалық мамандықтарға, 35-і медицина саласына және 9-ы ветеринарларды дайындауға бөлінген. Осы бағытта жұмыс жалғасады. Бұл қарқынмен біз 5 жылда осы салаларда кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жергілікті билік жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алды,- дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, жиында сөз алған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов қатысушыларды университетте жүзеге асып жатқан «English Only Space» — ағылшын тілі орталығы, «Бизнес инкубатор және co-working»- бизнес жобасы, «Kids university»-балаларға білім беру орталығы жобаларымен таныстырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button