Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика

Атырауда атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдері шығарылуы мүмкін

Мұнайлы өлкеде атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдері шығарылуы мүмкін. Оған «Атыраумұнаймаш» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігі толық жеткілікті.

ФОТО - АТОМ

Баршамызға белгілі, соңғы уақытта бұл зауыт мұнай-газ өнеркәсібіне арналған стандартты емес ауыр габаритті жабдықтар шығарып, ТМД елдеріне тасымалдауда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, жаңа  жабдықтар сатып алған.

«Қосымша екі жаңа цехтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жабдықтау монтажы мен цех салынғаннан кейін, зауыт тау-кен, энергетика және атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдерін шығара алады. Әрине, елімізде атом өнеркәсібі қарқынды дамымағандықтан, сериялық тапсырыстар жоқ. Оның үстіне, мұндай өнімдердің жарамдылық мерзімі 50-70 жылға дейін жетеді»,-дейді «Атыраумұнаймаш» ЖШС  директоры Александр Донсков.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Фото bnews.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button