Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда аптап ыстықтың салдарынан көшелерді түнде тазалайтын болды

Атырауда аптап ыстық болғандықтан көше жинаушылардың жұмысы түнге ауыстырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
20170718174340

«Мен үшін, әрине кез келген басшы үшін, бірінші кезекте, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан көлеңкеде 40 градус ыстық болғанда, күндіз жолда адамдар жұмыс істемейді. Ауысым күндізгі ыстық басылғаннан кейін басталады», — деді «Спецавтобаза» ЖШС директоры Самат Тұрниязов.

Синоптиктердің хабарлауынша, Атырауда, облыста ыстық ауа райы 21 шілдеге дейін созылады. Еске салсақ, қыста қатты аяз кезінде көше тазалаушыларға ыстық шай беріліп, бәліш таратылған. Сонымен бірге олар жұмыс уақытында автобустарға кіріп жылынып отырған.

ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button