
ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайыЭкономикаҚоғам
Атырауда алпыс жаңа аялдама орнатылмақ
Олардың жартысы қала маңындағы ауылдық округтерінде шоғырланатын болады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы бүгін, 24-қаңтарда Қайыршақты ауылдық округінің әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді.– Біз 60 автобус аялдамасын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, олардың 30-ы облыс орталығында, екінші жартысы ауылдық округтерде қойылатын болады. Көптеген жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша, жылы аялдамаларды сатып алу жоспарланып отыр», — дейді Алимухаммед Құттұмұратұлы.
Айта кетейік, 2018 жылы Атырау қаласында үш орталық көшелерін кеңейту және жетілдіру жобасы аясында 23 жаңа автобус аялдамалары орнатылды.