ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайы
Атырауда аламан айтыс басталды
Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 95 жыл толуына арналған «Ембімұнайгаз – қазақ мұнайының қара шаңырағы» атты республикалық ақындар айтысы басталды.
Оған елімізге танымал Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имаш, Жакен Омаров, Нұрлан Мұсаев, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов секілді азулы ақындармен қатар, біздің облысымыздың атынан Саадат Нұрманов, Салауат Исахаев, Сырымбек Сарсембаевтар қатысуда.
Суырыпсалма сайыпқырандардың өнерін тамашалауға жиналған көрермендердің қарасы өте көп. Зал лық толы, ине шаншар жер жоқ.
Бір ерекшелігі – ақындардың өнерін қазылар алқасы емес, жиналған халық бағалайтын болады.
Айбөпе САБЫРОВА