Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда – «Аға сеньорлер»

Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында қолға алынған «Аға сеньорлер» жобасы атыраулық қонақ үйлерде белсенді жүзеге асуда. Бұл – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жемісі. Ұйымдастырушы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

мтм

Мақсат – отандық кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін жетілдіру, сапалы қызметкерлер мен жабдықтар дайындау үшін керек кеңестер алу. Бұл ретте, шетелден білікті маман әкелуге жұмсалатын шығынды мемлекет өтейді. Кәсіпкер теккелген қонақты орналастыру және тамақтандырумен ғана қамтиды.

C:\Users\User\AppData\Local\Temp\msohtmlclip1\01\clip image002Сондай меймандардың бірі – шетелдік сарапшы Давид Аджемиан қонақүй бизнесі жайлы білім-білігімен бөлісті. Ол Торонтодағы (Канада) Райерсон университетін тәмамдаған. Отыз жыл бойы әлемдік қонақүйлер мен мейрамханаларда еңбек еткен. Кейін жеке қоғамдық тамақтану орындарын ашқан. Онда 300 шақты қызметкер 10 мыңдай қонақты қабылдайды. Бүгінде мойындалған маман адам ресурсынан бастап мерчендайзинг, шығындарды бақылау, мәзір, бар мен сервистік операцияларды шемішкеше шағады. Енді сарапшы сол тәжірибесін Атыраудағы бес жұлдызды «Sultan PalaceHotel»  қонақүйінің қызметкерлерімен бөлісуде.

пвап

– Шетелдік әріптесімізден көп нәрсені үйрендік. Өзге елдердің асханасы мен ас мәзіріне қатты қығығушы едік. Дүние жүзіне белгілі болып ктекен тағамдарды енді өзіміз де дайындағымыз келеді. Игі іс осымен тоқталмай, жалғасын тапса деген тілегіміз бар, — дейді «Sultan Palace» мейрамханасының қызметкері Роман Трушкин.

Ал, «Jasmine» қонақүйнің тұтынушылары жуырда Түркиядан келген сарапшы Хасан Саргынның қолынан шыққан тәттілердің дәмін татпақ. Өйткені, кондитерлік және нан өнімдердің шебері өз білгенін атыраулық әріптестеріне үйретіп жүр. Барлығы Атырауда үш мейман балық шаруашылығы, туризм мен қонақүй ісі бойынша оқу дәрістерін өткізуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button