Атырау қаласында 4 стационарлық полиция бекеттері салынады
Атырауда 4 стационарлық полиция бекеттері салынады. Жаңа нысан полицейлерге штаттан тыс жағдайлардың туындағанда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Стационарлық полиция бекеттерінің құрылысы биылғы жылдың наурыз айында басталған.
— Атырау қаласына кіре берістерде барлығы 4 бекет салынатын болады. Олар Астрахан, Орал, Құлсары және Индер жақтарынан кіретін жолдарда болмақ. Бұл полицейлерге қандай да бір штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде мейілінше жедел әрекет етуге, сондай-ақ қалаға кіретін және шығатын барлық автокөліктер туралы деректерді білуге мүмкіндік береді, — деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бекеттер барлық автокөліктерді есепке алуды автоматты режимде жүргізетін деректер базасы бар бейнекамералармен жабдықталатын болады.
Атырау облысы құрылыс басқармасының мәлімдеуінше, жаңа нысан биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Жаңа бекеттер Атырау-Орал, Атырау-Индер, Атырау-Ақтау және Котяевка-Рубеж автожолдарында орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2016 жылы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Индер ауданына жұмыс сапары кезінде қаладан шығатын жерлерде полиция бекеттерінің құрылысын салу тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма берген болатын. Облыс әкімі мұндай шараның көлік ағынын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін, жүргізушілерді тәртіпке салатынын және жол қозғалысының қауіпсіздігіне қолайлы әсерін тигізетінін баса айтты.