Атырауда 4 күн бойы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Атырауда 4 күн бойы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.
2018-2019 жылдардың жылу маусымына жылу желілерін дайындауға күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 24 мамыр таңғы сағат 08-00-ден 27 мамыр кешкі сағат 20-00-ге дейінгі мерзімде «Абай-Махамбет» көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
— Бұл көшелермен жүретін қоғамдық көліктер №14 «Авангард ы/а – Темір жол вокзалы», №2 «Балықшы ы/а-Темір жол вокзалы», №21 «СМП-163 – ескі Әуежай», №5 «Құрсай – Дина базары», №57 «Курилкин – Дина базары» және №15 «Сарықамыс ы/а-Мұнайшы ы/а» қалалық жолаушы тасымалдаушы көліктері Гурьевская көшесі, Досмухамбетов көшесі, Орталық айналма жол арқылы, Азаттық даңғылы, Уәлиханов көшелерімен жүргізілетін болады, — делінген хабарламада.
Хорлан Смадияр