Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда 250 жас отбасыға пәтер беріледі

ҚазАқпарат — 2017 жылы түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша атыраулық жас отбасылар 250 пәтер алады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

i

«Өңірде жас отбасыларға көмек көрсетудің бағдарламалары белсенді іске асырылуда. «Жас Отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасының аясында 2015 жылы жас отбасыларға 90 пәтер берілді. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 1 230 пәтерлік үй салынуда. Ол осы айдың аяғында пайдалануға тапсырылады.

Жас отбасыларға 100 пәтерлік тағы бір үй салынып жатыр. Сондай-ақ осы жылы 30 жас отбасы «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша пәтер алады деп отырмыз. Осылайша, биыл 250 отбасы пәтер алып, тұрғын үй жағдайын көтере алады», — деп хабарлады Атырау облысы жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Жасұлан Бисембаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button