Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Атырауда 1700 бала мүгедектікпен және жүйке жүйесі ауруымен есепте тұр

Атырау қалалық прокуратурасының тапсырмасымен жүйке жүйесі зақымдалған балалар емделіп жатыр. Бүгінде жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бойынша мониторинг жасалып, нәтижесінде 1700-ге жуық бала мүгедектікпен және жүйке жүйесі ауруымен есепте тұрғаны анықталды.

ФОТО - ПРОКУРАТУРА

Осы ретте, жүйке ауруымен есепте тұрған бүлдіршіндерге кешенді медициналық көмек көрсету мақсатында медицина ұйымдарына тапсырма беріліп, орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар үшін арнаулы сәбилер үйінің күндізгі емдеу бөліміне 2 бүлдіршін жатқызылған. Сондай-ақ, ата-аналарға медициналық түсінік жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта мониторинг нәтижесімен анықталған 20-ға жуық баланы емдеу орындарына жатқызуға облыстық денсаулық сақтау басқармасымен кешенді жұмыстар атқарылуда»,-дейді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Мирас Жалмурзин.

Айдос Қарабала

Фото thejournal.ie сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button