Жаңалықтар
Атырауда 17 694 адам баспана кезегінде тұр
Атырау қаласында 23 апатты, 27 тозығы жеткен үй мен 12 жатақхана бар. Өткен жылы тұруға жарамсыз деп есептелген 5 үй сүріліп, тұрғындары жаңа баспанаға қоныстандырылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев осындай деректерді баяндады.
Мұнайлы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Соның өзінде әлі де 17 694 адам баспана кезегінде тұр. «Өткен жылы 18 үй — 1215 пәтер берілді. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында тапсырылған 11 тұрғын үй де бар», — деді С.Қазиев өз сөзінде.