Атырау волейбол командасы Қазақстан Кубогын жеңіп алды (ФОТО)

ЕАС 866 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде сарапқа салынған волейболдан Қазақстан кубогін Атырау волейбол командасы жеңіп алды. Осыған орай, «облыстық Атырау волейбол командасы» ЖШС заңгері Маркс Хасановпен сұхбаттасқан едік.

ЕАС 866

– Жігіттердің жеңісі құтты болсын! Бұл қателеспесем, атыраулық құраманың 25-ші кубогі ғой, солай ма?

– Иә, айтуыңыз дұрыс. Бұл кубокті осыған дейін 2015 жылы ұтып алған едік. Атыраулық волейболшылар жыл сайынғы дәстүрден жаңылмай, жоғары нәтиже көрсетуге бар күштерін салып келеді. Бұл жолы да аянып қалмады. Нәтижесінде, ел Кубогін қанжығамызға байладық.

ЕАС 894

– Тартысты бәсекеде қанша команда бақ сынады?

– Еліміздің әр өңірінен сегіз команда қатысты. Атап айтар болсақ, олар өзіміздің Атырау, Ақтау, Алматы, Петропавл, Павлодар, Алтай, Өскемен және Тараз өңірлерінің командалары.

ЕАС 753

– Бұл жеңіс оңайлықпен келмеген шығар?

– Әрине, ойыншыларымыз күніне төрт ойыннан өткізіп, барлығында да белсенділіктерін танытты. Бұған дейінгі іріктеу ойындарында да біздің жігіттер алдыңғы орыннан түспеді. Сөйтіп, Ақтау қаласында өткен кездесуде 16 команданың ішінен алға суырылып шықтық. Ал, ақтық кезеңде хромтаулық «Қазхром» командасымен кездестік. Қола жүлде Алматы қаласының «Буревестник» командасына бұйырды.

ЕАС 683

– Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Енді алда суперкубок ойнатылады. Онда біз былтырғы кубок иегері Алтай құрамасымен кездесеміз. Бұған дейін де «Жайық» спорт кешендерінде талай ел кубогі, халықаралық жарыстар өтіп жүргенін білесіз. Ендеше, спорт нысандары халықаралық талаптарға толықтай сай келсе, бұл ойын да осы Атырауда өтіп қалуы мүмкін деген болжам бар.

Ойнатылған бес партияда да екі жақ тең түсті. Тек соңғы шешуші сәтте ғана атыраулық волейболшылар жеңіске деген ұмтылыстарының қарсыластардан гөрі басымырақ екенін танытты. Бұл жеңістің артында бас жаттықтырушы Сергей Трикоз бен жас жаттықтырушы Антон Рубцовтардың ерен еңбегі жатыр. Антонның өзі де әлі жақсы физикалық формада, әрі команда құрамында ойнайды.

ЕАС 633

– Осы орайда, клуб жөнінде де айтпай кетуіңізге болмас…

– Клуб 1999 жылы құрылған болатын. Оны кезінде Иманғали Тасмағамбетовтің өзі құрған еді. Бүгінде ол клубтың Құрметті президенті болып табылады. Ал, директоры – Болат Кабдрахиев. Содан бері қол жеткен жетістіктеріміз бен жеңістерімізді бір әңгіменің шеңберіне сыйғызу мүмкін емес. Олардың ішінде республикалық, халықаралық жарыстардағы жарқын жеңістер де бар.

ЕАС 568

– Жалпы, клубта қанша ойыншы бар?

– Барлығы 12 ойыншы өнер көрсетеді. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Кез келген волейбол командасы үшін қосалқы құрама дайындалады. Оған 23 жасқа дейінгі жастар алынады. Міне, бұл турнирге де осындай құрама сапындағы 22 жасар Жұмабек Ислам 13-ші ойыншы болып қатысты.

Ойын барысында Роман Хандролин озық ойын өрнегін көрсетіп, Антон Кузнецов екеуі «үздік ойыншы» атанды. Жаңадан қатарға қосылған украиндық және ресейлік қос легионеріміз де өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.

ЕАС 561

– Қалай ойлайсыз, волейболшы болу оңай ма?

– Бұл өте үлкен еңбек пен мықты денсаулықты, асқан шыдамдылық пен икемділікті қажет етеді. Егер ойыншы физикалық тұрғыда мықты болса, оның жасына да, бойына да шектеу қойылмайды. Мәселен, ресейлік ойыншылардың ішінде жасы қырықтан асқандары да бар. Себебі, олардың денсаулығы әлі де болса сыр бермей келеді, дайындықтары өте жоғары.

Әйтсе де, басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, волейболшылардың спорттық ғұмыры анағұрлым қысқа келеді. Өзіңіз де білесіз, 35 жастан кейін адамның ағзасы өзгеріске ұшырап, бұрынғы мүмкіндіктерінен айырылып қалып жатады. Оның үстіне, волейбол ойнаушылардың денесіне түсетін күш өте ауыр. Олар таңның атысы, күннің батысы спорт залдарынан шықпай, жаттығады да жатады. Осының бәрі, сайып келгенде, адам денсаулығына да айтарлықтай әсер ететіні анық. Қалай болғанда да, бұл бұқаралық сипаттағы емес, кәсіби тұрғыдағы спорт екенін қаперге бергім келеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз