Атырау сарбаздары сынақтан өтіп жатыр (ФОТО)
Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды. Оған Атырау облысындағы барлық әскери бөлімшелердің сарбаздары да қатысуда.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өңірлік әскери бөлімдердің дайындығын тексеру, берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
Әскери бөлімшелер құрамы дабыл бойынша тактикалық-саптық оқу жаттығуларына кіріскен. Аталған әскери шара еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіледі. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Рүстем Игісіновтың хабарлауынша, оқу-жаттығуына өңірлік қолбасшылықтың 2500 жауынгері мен 200 әскери техникасы қатысып жатыр.
Бұл әскери бөлімдердің өзара іс-қимылы мен жеке құрамдар арасындағы әскери қызметтің байланысын ұйымдастыруды тексерудің маңызды сынағы болмақ.
Бақытжан ЖҰМАТ.