Атырау облысында 40 мың тонна қалдық қайта өңделген
Атырауда «Қалдықтарды басқару» тақырыбына арналған форум өз жұмысын бастады.
Еліміздегі төрт іргелі мұнай-газ компаниясы өкілдері бас қосқан жиында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау, қайта өңдеу мәселелері сөз болды.
Мамандардың айтуынша, өткен жылы Атырау облысы бойынша 111 мың тонна қалдық шығарылып, оның 40 мың тоннаға жуығы қайта өңделген. Алайда, бұл салада шешімін күткен мәселелер көп. «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық Қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафина, бұл бағыттағы проблемаларды шешуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе екен дейді. Өйткені, қалдықтарды жинау, өңдеу бизнесінде кәсіпкерлерге кедергілер аз емес.
Форум барысында айтылғандай, «ТШО» ЖШС-інде қоқыстарды жинау, қалдықтан жаңа өнім шығару бір жолға қойылған. Ал, «НКОК» компаниясында бұл мәселе екі бағытта жүзеге асырылып отыр.
Айбөпе Сабырова