ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырау облысында 150 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді
Атырау облысында 150 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жаңа қызметкерлерге арналған баспана «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында сатып алынды,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 186,5 млн.теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында айтылды.
Осылайша, «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 173,6 млн. теңге бөлініп, 170,9 млн. теңгесі игерілген. Яғни, бұл қаражат 51 маманға бюджеттік несие бөлу үшін беріліпті. Ал, 98 жас маман мемлекет тарапынан 15,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған.
Айқара Ғұмар