ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
«Атырау-Индер» тас жолында жылқыны қағып кеткен жүргізушіге айыппұл салынды
«Атырау-Индер» тас жолында жылқыны қағып кеткен жүргізушіге айыппұл салынды. Ол қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылып отыр.
Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің айтуынша, құқық бұзушы биылғы жылдың тамыз айында «Daf Хf 95» маркалы автокөлігімен «Атырау-Индер» тас жолының бойында жүрген жылқыларды қағып кеткен. Салдарынан, мал иесіне материалдық залал келтіріліпті.
Сот істің мән-жайын толық зерттеп, айыпталушыны әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі санап, оған 22 690 теңге айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Айқара Ғұмар