ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
«Атырау-Астрахань» жолында 1 тонна балық тиеген көлік ұсталды
«Атырау-Астрахань» тас жолында 1 тонна балық тиеген көлік ұсталды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Олардың айтуынша, бүгін таңғы сағат 02:30-да қаланың шыға беріс жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік тоқтатылған. Тексеріс кезінде оның жүк салғышынан салмағы 1 тоннаны құрайтын 35 қап сазан балығы тәркіленген. Көлікті тізгіндеген 1995 жылғы Жанбай ауылының тұрғыны болып шықты.
«Автокөлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 196-інші бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде»,-деп хабарлайды Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Айқара Ғұмар